Консорциумдар

06 наурыз 2023 жыл

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде «Өндірістік сектор консорциумдары I: Құзырет орталықтары» гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жариялайды.

Гранттық бағдарламаның мақсаты - жаңа технологияларды (ҒЗТКЖ) әзірлеу, зертханалық ауқымда өндірістік процестерді модельдеу және жетілдіру («модельдік фабрика»), сондай-ақ саланы дамыту бойынша талдау және ұсынымдарды әзірлеу арқылы өнеркәсіптің жүйелік салалық міндеттерін шешуге бағытталған құзыреттер орталықтарын құру.

Қатысушылар үшін талаптар:

Гранттық бағдарлама аясында бірнеше қатысушы арасында консорциум құру қажет.  Консорциумда келесі ұйымдардың қатысуы міндетті шарт болып табылады:

 

 

1 нұсқа

2 нұсқа

Өтінім беруші (консорциум жетекшісі)

·        ғылыми ұйым/ЖОО (Қазақстан резиденті)

·        салалық министрліктің бұйрығымен құрылған салалық құзыреттер орталығы

Консорциумның қатысушылары

·        бір (1) немесе одан да көп халықаралық озық орталық (жоғары оқу орындары үшін QS ТОП 300 тізімінен және ғылыми орталықтар үшін SCIMAGO Innovation Ranking ТОП 2000 рейтингінен);

·        бір (1) немесе одан да көп өндірістік кәсіпорын (Қазақстан резиденті);

·        бір (1) немесе одан да көп шетелдік өндірістік кәсіпорын;

·        бір (1) немесе одан да көп ғылыми ұйым/ЖОО (Қазақстан резиденті)

·        бір (1) немесе одан да көп халықаралық озық орталық (жоғары оқу орындары үшін QS ТОП 300 тізімінен және ғылыми орталықтар үшін SCIMAGO Innovation Ranking ТОП 2000 рейтингінен);

·        бір (1) немесе одан да көп өндірістік кәсіпорын (Қазақстан резиденті);

·        бір (1) немесе одан да көп шетелдік өндірістік кәсіпорын;

 

Грант сомасы

Гранттың ең жоғары сомасы 650 млн.теңгеге дейін ұсынылады, іске асыру мерзімі 18 айға дейін. Қоса қаржыландыру сомасы грант сомасының кемінде 10 пайызын құрауға тиіс.

Басым бағыттар

  • Индустрия 4.0 элементтерін қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.
  • Жаңа материалдар, аддитивті технологиялар, нанотехнологиялар.
  • Биотехнология, медицина мен денсаулық сақтау саласындағы жаңа технологиялар.
  • Өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа технологиялар.
  • Ғарыштық технологиялар
  • Экологиялық таза технологиялар, энергия тиімділігі, энергия үнемдеу және

баламалы энергия.

  • Электрондық өнеркәсіп.
  • Робот техникасы

Іріктеу процесі:

Өтінімдерді қабылдау процесінің қорытындысы бойынша іріктеу халықаралық сарапшылардың, сондай-ақ Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі мамандардың сараптамасынан бірнеше кезеңде өтетін болады.

Күтілетін нәтижелер:

Гранттық бағдарлама аяқталғаннан кейін қаржыландыруға ие болған консорциумдар консорциум құрамын ұлғайтуды, салалық даму жөнінде кешенді талдама әзірлеуді, әзірлемелерді коммерцияландыруды, халықаралық патентке өтінім берулі қамтамасыз етуі, рейтингі жоғары халықаралық ғылыми журналда мақала жариялауы, сондай-ақ өндірістік кәсіпорындар арасында салалық мамандарды оқытуды жүргізуі тиіс.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі:

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 6 наурызда басталып, 2023 жылғы 31 мамырда Астана уақытымен сағат 18.00-де аяқталады*.

 

Гранттық бағдарлама туралы толық ақпаратпен мына сілтеме бойынша «Өндірістік сектор консорциумдары I» гранттық бағдарламасының нұсқаулығынан танысуға болады.

МАҢЫЗДЫ:

Конкурсқа қатысуға өтінімдер ағылшын, қазақ және/немесе орыс тілдерінде келесі сілтеме бойынша Astanahub электрондық порталы арқылы қабылданады: https://astanahub.com/l/gup-grant-programs#3320.

Өтінімді ағылшын тілінде толтыру МІНДЕТТІ, өйткені жобаларды халықаралық сарапшылар ағылшын тілінде сараптайтын болады.

Өтінім берушілер гранттық бағдарлама бойынша нұсқаулықтың барлық талаптарымен мұқият танысып шығуы және оларды сақтауы тиіс.

Барлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Қатысу талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер қарастырылмайды және қабылданбайды.

Өтінімді толтырудан бұрын кіші жобаларға қойылатын экологиялық талаптармен, сондай ақ Жоба аясында қаржыландырылмайтын қызметтер тізімімен мұқият танысып шығу қажет.

Барлық сұрақтар бойынша Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. электронды поштасы немесе +7 777 149 80 36 телефон нөмірі арқылы хабарласа аласыз 

*өтінімдерді қабылдау мерзімі Дүниежүзілік банктің келісімі бойынша

13 Қаңтар 2023 

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде «Өндірістік сектор консорциумдары: Индустриялық-ғылыми технологиялық консорциум» гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жариялайды.

Гранттық бағдарламаның негізгі мақсаты -консорциумдардың  инновациялық шешімдерін, ғылыми әзірлемелері және/немесе технологияларын коммерцияландыру.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

Гранттық бағдарлама шеңберінде бірнеше қатысушы арасында консорциум құру қажет.  Консорциумның міндетті шарты - кемінде екі (2) үлестес емес өндірістік кәсіпорын және кемінде бір (1) ғылыми ұйым қатысуы тиіс.

Грант сомасы:

Гранттың максималды сомасы 650 млн.теңгеге дейін (А гранты бойынша) және 250 млн. теңгеге дейін (В гранты бойынша), 18 айға дейін іске асыру мерзіміне беріледі.

Қоса қаржыландыру сомасы грант сомасының кемінде 50 пайызын (А гранты бойынша) және грант сомасының кемінде 30 пайызын (В гранты бойынша) құрауға тиіс.

Іріктеу процесі:

Өтінімдерді қабылдау процесінің қорытындысы бойынша іріктеу халықаралық сарапшылардың, сондай-ақ Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі мамандардың сараптамасынан бірнеше кезеңде өтетін болады.

Күтілетін нәтижелер:

Гранттық бағдарлама аяқталғаннан кейін қаржыландыруды алған консорциумдар алынған грант сомасының кемінде 20%-ы көлемінде коммерцияландыруды, кіші жобаны автоматтандыру/цифрландыру стратегиясын енгізуді және әзірлеуді (басқалармен қоса, виртуалды шындық, BIM-технологиялар, блокчейн, жасанды интеллект), персоналдың біліктілігін арттыруды (Индустрия негіздеріне оқыту 4.0.) қамтамасыз етуі тиіс.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі:

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 16 қаңтардан басталып, 2023 жылғы 10 наурызда Астана уақытымен сағат 18.00-де аяқталады*.

 

Гранттық бағдарлама туралы толық ақпаратпен мына сілтеме бойынша «Өндірістік сектор консорциумдары: Индустриялық-ғылыми технологиялық консорциум» гранттық бағдарламасының нұсқаулығынан таныса аласыздарКПС_2 .

МАҢЫЗДЫ:

Конкурсқа қатысуға өтінімдер ағылшын, қазақ және/немесе орыс тілдерінде келесі сілтеме бойынша Astanahub электрондық порталы арқылы қабылданады: https://astanahub.com/ru/l/gup-grant-programs

Өтінімді ағылшын тілінде толтыру міндетті, өйткені жобаларды халықаралық сарапшылар ағылшын тілінде сараптайтын болады.

Өтінім берушілер гранттық бағдарлама бойынша нұсқаулықтың барлық талаптарымен мұқият танысып шығуы және оларды сақтауы тиіс.

Барлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Қатысу талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер қарастырылмайды және қабылданбайды.

Өтінімді толтырудан бұрын кіші жобаларға қойылатын экологиялық талаптармен, сондай ақ Жоба аясында қаржыландырылмайтын қызметтер тізімімен мұқият танысып шығу қажет.

Барлық сұрақтар бойынша Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. электронды поштасы немесе +7 777 149 80 36 телефон нөмірі арқылы хабарласа аласыз 

*өтінімдерді қабылдау мерзімі Дүниежүзілік банкпен келісім бойынша ұзартылуы мүмкін.

ӨСК I гранттық бағдарламасының хабарландыруы

15 қыркүйек 2022

Құрметті Өтінім берушілер,

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының шеңберінде «Өндірістік сектор консорциумдары І: Құзыреттілік орталықтары» гранттық бағдарлама бойынша конкурстың мерзімі ұзарғанын хабарлайды.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2022 жылдың 20 қазанына Нұр-Сүлтан  уақытымен сағат 18.00-ге дейін ұзартылады.

Гранттық бағдарламалар бойынша толығырақ ақпаратты Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. немесе +7-777-149-80-36 телефондары арқылы ала аласыздар.


19 Тамыз 2022

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде «Өндірістік сектор консорциумдары I: Құзырет орталықтары» гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жариялайды.

Гранттық бағдарламаның мақсаты - жаңа технологияларды (ҒЗТКЖ) әзірлеу, зертханалық ауқымда өндірістік процестерді модельдеу және жетілдіру («модельдік фабрика»), сондай-ақ саланы дамыту бойынша талдау және ұсынымдарды әзірлеу арқылы өнеркәсіптің жүйелік салалық міндеттерін шешуге бағытталған құзыреттер орталықтарын құру.

Қатысушылар үшін талаптар:

Гранттық бағдарлама аясында бірнеше қатысушы арасында консорциум құру қажет.  Консорциумның міндетті шарты - консорциумда 1 ғылыми ұйымның және кемінде 2 өндірістік кәсіпорынның қатысуы тиіс.

Грант сомасы:

Гранттың ең жоғары сомасы 650 млн.теңгеге дейін ұсынылады, іске асыру мерзімі 18 айға дейін. Қоса қаржыландыру сомасы грант сомасының кемінде 10 пайызын құрауға тиіс.

Іріктеу процесі:

Өтінімдерді қабылдау процесінің нәтижесі бойынша іріктеу халықаралық сарапшылардың, сондай-ақ Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі мамандардың сараптамасы арқылы бірнеше кезеңнен тұратын болады.

Күтілетін нәтижелер:

Гранттық бағдарлама аяқталғаннан кейін қаржыландыруға ие болған консорциумдар консорциум құрамын ұлғайтуды, салалық даму жөнінде кешенді талдама әзірлеуді, әзірлемелерді коммерцияландыруды, халықаралық патентке өтінім берулі қамтамасыз етуі, сондай-ақ өндірістік кәсіпорындар арасында салалық мамандарды оқытуды жүргізуі тиіс.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі:

Өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 19 тамызда басталып, 2022 жылғы 20 қыркүйекте Нұр-сұлтан уақыты бойынша 18 сағат 00 минутта аяқталады*.

 

Толығырақ...

ӨСК I гранттық бағдарламасының хабарландыруы

18 Ақпан 2022 жыл

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде «Өндірістік сектор консорциумдары I» гранттық бағдарламалары бойынша конкурс жариялайды.

Гранттық бағдарламаның мақсаты - коммерциялық тұрақты инновациялық жобаларды құру және іске асыру үшін ғылым мен бизнестің күш-жігерін біріктіру.

Портал арқылы өтінімдерді қабылдау 2022 жыл  18  ақпанда басталады және 2022 жылғы 31 наурызда  Нұр-сұлтан уақыты бойынша 18 сағат 00 минутта аяқталады.*

Гранттық бағдарлама туралы толық ақпаратпен www.fpip.kz. сайтында «Өндірістік сектор консорциумдары I» гранттық бағдарламасы бойынша нұсқаулықтан, «Өндірістік сектор консорциумдары II» гранттық бағдарламасы бойынша нұсқаулықтан танысуға болады.

Толығырақ...

  ӨСК II гранттық бағдарламасының хабарландыруы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасы шеңберінде инновациялар мен жаңа технологияларды құру және енгізуге арналған мынадай гранттық бағдарламаларды іске қосуды жоспарлауда:

20 тамыз 2020 жыл

«Өндірістік сектор консорциумдары II»

Гранттық бағдарламаның мақсаты экономикадағы өндірістік секторларды жақсарту мақсатында ҒЗИ, университеттер, сондай-ақ Қазақстандағы ғылыми және инженерлік бейіндегі зертханалар мен жеке сектор кәсіпорындары арасындағы ынтымақтастықты ынталандыру болып табылады.

Толығырақ...

Showcases

Background Image

Header Color

:

Content Color

: