Басқарушы компанияны таңдау және Венчурлік ерте қаржыландыру қорын (Венчурлік қор) құру жөніндегі анықтама

2021 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің № 132-нқ бұйрығымен "Зерде" Ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ (бұдан әрі – Зерде) ӨИЫЖ шеңберінде "Венчурлік ерте қаржыландыру қорын құрі" кіші компонентін іске асыру жөніндегі үйлестіруші болып тағайындалды.

2021 жылдың 30 шілдесінде ЦДИАӨМ, ЖБТ және Зерде сайттарында Венчурлік ерте қаржыландыру қорының басқарушы компаниясына конкурс жарияланды.

2021 жылғы 15 қыркүйекте Венчурлік қор үшін басқарушы компанияларды іріктеу бойынша конкурстық комиссияның отырысы өткізілді. 3 қатысушыдан сараланған тізім жасалды.

2021 жылғы 6 қазанда Дүниежүзілік банк осы сараланған тізімді келісті.

2021 жылдың 13 желтоқсанында White hill Capital Ltd компаниясымен келесі құжаттарға Дүниежүзілік банк келісім берді және ЦДИАӨМ қол қойды:

1) WHC TECH VENTURES LP Шектеулі серіктестігі туралы келісім;

2) Ұсыныс бойынша материалдар [Венчурлік қор нұсқаулығы].

 

2021 жылғы 15 желтоқсанда АХҚО аумағында Венчурлік ерте қаржыландыру қоры (LP White Hill Capital) тіркелді.