Жоба бөліктері
Жоба туралы мәлімет
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ҚР ЦДИАӨМ) Дүниежүзілік Банкпен бірге Өнімді инновацияларды ынталандыру жобасын жүзеге асырғалы жатыр.
Қазақстан орташа табыс көлемі мен энокомикалық ресурстарға бай елдердің тізімінде айтарлықтай елеулі жоғары мамандандырылған ҒЗТКЖ әлеуетімен және адами капиталымен алдыңғы қатарда тұр. Негізгі табиғи ресурстарға пайдалы қазбалар (мұнай, газ, қара және түсті металл), сондай-ақ, ауылшаруашылық жерлер жатады.
Жаһандық және жергілікті экономиканың құбылмалы әлеуетіне қысқа мерзімді тәуелділігіне қарамастан, Қазақстанның орташа әлеуеті оң бағаланады. Оның негізінде қзақ мерзімге жоспарланған «Қазақстан-2050» стратегиясында көзделген мұнай өндіру секторының кеңеюі және құрылыстық реформалар жатыр.
Стратегияда 2050 жылға дейін әлемнің дамыған 30 елінің қатарына және 10-15 жыл ішінде білім экономикасына ауысу қарастырылған. Мемлекет соңғы бес жылда бірнеше сәтті жобаларды іске асырудың нәтижесінде негізгі бағытын шикізатты дамыту саласынан индустриалды инновацияларды қолдауға және шағын және орта кәсіпорындарды дамытуға бағытталған ауқымды жобаларды жүзеге асыруға ауыстырды. Стратегияда баяндалған құрылымдық реформалар, мемлекеттегі басты өндірістік факторлар – адам капиталы, инфраструктура және иституттардың сапасын арттыру арқылы даму мен әртараптандыруға қол жеткізіп, әлемдік бәсекеге қабілетті болу арқылы мемлекеттің білім экономикасына ауысуға құлықтығын көрсетеді.
Стратегияда үкіметтің жеті басым бағыты айықша аталып көрсетілген. Соның ішінде ғылыми әлеуетті арттыру да көзделген. Ғылымды қаржыландыру үш пайыздық ЖІӨ негізінде ғылыми әлеуетті арттыру, ТШИ арқылы білім мен технологияларды трансферттеу және Ұлттық инновациялық жүйені (ҰИЖ) тиімділігін арттыру мақсатында жоспарланған. Өндірістік инновациялар экономиканың барлық салаларын қоғаммен тиімді әрі берік байланыстыратындықтан, дамудың негізгі факторы болып саналады. Қазақстанның қазіргі экономикасының даму қарқыны әлемдік жаңа технологияларды эконмикаға тиімді етіп өзгертуге және мемлекеттің әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін шектейтіндіктен, контекстті түсініп, инновацияларды қолдану аса маңызды болып табылады. Сондықтан, дамудың қазіргі сатысында бейімделу мен әлемдік білім мен тәжірибені тиімді қолдану, ең үнемді әрі ұтымды шешім болып тұр. Бұл инновациялық әлеуетті экономика мен қоғамның барлық салаларында инновациялық бәсекелестік мәдениетті қалыптастыратындай дәрежеге дейін арттыратын болады.
Қазақстандағы өнімді инновацияларды ынталандыру жобасы
2016 жылдың 2 ақпанында Қазақстан Республикасының Парламенті «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы аясында Қазақстан Республикасы мен Дүниежүзілік Даму және Қайта Құру банкінің арасында жасалған қарыз алуға байланысты келісімді ратификациялады.
Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік Банктің ортақ жобасы басты ұлттық инновациялық жүйенің институттарының әлеуетін арттыруға, инновациялық жобалар мен технологиялық стартаптарды қолдау іріктеу және нарықтық таңдау мезанизмін енгізуге, сондай-ақ, жеке секторларды қатысуға ынталандыруға бағытталған.
Жоба мақсаты
Жоба мақсаты – жоғары сапалы, мемлекет үшін аса маңызды зерттеулерді ынталандыру және технологияларды коммерцияландыру.
Жоба 5 құрамдас бөліктен тұрады:
1. Инновациялар үшін білім базасын дамыту.
2. Инновациялық консорциумдар.
3. Технологияларды коммерцияландыру циклын шоғарландыру.
4. Ұлттық инновациялық жүйенің (ҰИЖ) және қолданыстағы институционалдық құрылымдардың әлеуетін арттыруды үйлестіруді нығайту.
5. Жобаның жүзеге асуын қолдау.
Жоба аясында коммерциялық әлеуеті бар жоғары сапалы ғылыми зерттеулер жасауды көздеген ғылыми топтарды қаржыландыру мақсатында 3 гранттық бағдарлама жүргізіледі және PhD студенттеріне де қолдау көрсетілетін болады. Сонымен қатар, ғылым, өндіріс пен мемлекеттің күшін біріктіре отырып, нарық пен өндірістің талабына ҚИИД МБ-ны іске асыруға тартылған жоғары оқу орындарының және Назарбаев Университетінің ДБҰ негізінде консорциум құру жоспарланған.
Алдыңғы тезнологиялық стартап компанияларға тартылған инвестициялардың тиімділігін көрсету мақсатында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі негізінде келісімдер легін басқару мен техноголиялар мен инновациялық идеяларды коммерциялық инвестициялық жобалар қалпына келтіру үшін венчурлық қоры қалыптасады. Сонымен қатар, қазақстандық технологияларды дамыту мен Қазақстанда жаңа технологияларды тауып, қолданысқа енгізу мақсатында шетелде трансферт кеңсесінің құру жоспарланып отыр.
«Өндірістік инновацияларды ынталандыру» жобасын жүзеге асыру уақыты - 5 жыл, 2016 жылдан бастап 2020 жылға дейін.
Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /opt/bitnami/apps/joomla/htdocs/components/com_content/models/articles.php on line 587
Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /opt/bitnami/apps/joomla/htdocs/modules/mod_st_content_showcase/models/article/article.php on line 94
Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /opt/bitnami/apps/joomla/htdocs/modules/mod_st_content_showcase/exts/collapse/site/default.php on line 30