Консорциумдар

13 казан 2023

ӨСК 2 хабарландыру

 

Құрметті Өтінім берушілер,

«Өндірістік сектор консорциумдары: Индустриялық-ғылыми технологиялық консорциум» бағдарламасы бойынша жеңімпаздардың тізімі.

Өтінім №

Жоба жетекшісі

1

58882

Ильмалиев Жансерик Бахытұлы

2

56697*

Куклич Александр Петрович

 

*шарт негізінде

ӨСК 1 хабарландыру

 

Құрметті Өтінім берушілер,

«Өндірістік сектор консорциумдары: Құзырет орталықтары» бағдарламасы бойынша жеңімпаздардың тізімі.

Өтінім №

Жоба жетекшісі

1

36964*

Ниеткалиев Айбек Серикұлы

2

59536

Канкин Бауржан Токболатұлы

 

*шарт негізінде

14 тамыз 2023

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасын іске асыру шеңберінде "Инклюзивті инновациялар консорциумдары" гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жариялайды.

Гранттық бағдарламаның мақсаты – әлеуметтік маңызы жоғары, сондай-ақ тұрақты коммерциялық әлеуетті және орнықты дамуға қол жеткізуге бағытталған инновациялық шешімдерді (өнімдерді, қызметтерді және технологияларды) әзірлеу және енгізу мақсатында ғылым мен бизнесті біріктіру.

 Қатысушыларға қойылатын талаптар:

Консорциум негізгі қызметі іске асырылатын жобаның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін бір немесе одан да көп коммерциялық ұйымдардан немесе коммерциялық емес ұйымдардан (кәсіпкерлік қызмет құқығымен) және бір (1) немесе одан да көп ғылыми ұйымдардан тұрады. Ғылыми ұйымдар мен кәсіпорындар бір-бірімен үлестес болмауы керек.   

Грант сомасы:

Гранттың максималды сомасы 150 млн теңге, іске асыру мерзімі 12 айға дейін.

Қоса қаржыландыру сомасы кемінде грант сомасының 10%-ын құрауы тиіс.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі:

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 14 тамызда басталып, 2023 жылғы 21 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 18.00-де аяқталады*.

Толығырақ...

10 шілде 2023

Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасы шеңберінде «Өндірістік сектор консорциумдары: Индустриялық-ғылыми технологиялық консорциум» гранттық бағдарламасы бойынша жарияланған конкурсының ұзартылатыны туралы хабарлайды.

Гранттық бағдарламаның мақсаты-жаңа технологияларды (ҒЗТКЖ) әзірлеу жолымен өнеркәсіптің жүйелі салалық міндеттерін шешуге бағытталған құзыреттілік орталықтарын құру, зертханалық масштабта ("модельдік фабрика") өндірістік процестерді модельдеу және жетілдіру, сондай-ақ саланы дамыту бойынша ұсынымдарды талдау және әзірлеу.

Өтінімдер 2023 жылғы 1 тамыздың сағат 18:00-ге дейін Астана уақыты бойынша* Портал арқылы қабылданады (www.astanahub.com).

Гранттар бағдарламасы туралы қосымша ақпарат алу үшін www.fpip.kz (http://fpip.kz/index.php/ru/) сайттағы "«Өндірістік сектор консорциумдары: Индустриялық-ғылыми технологиялық консорциум» " гранттық бағдарламасы бойынша нұсқаулықты қараңыз.

Өтінімдер ағылшын, қазақ және/немесе орыс тілдерінде беріледі. Нысанды ағылшын тілінде толтыру міндетті, өйткені жобаларға өтінімдерді халықаралық сарапшылар бағалайды. Өтініш берушілер мұқият танысып, гранттық бағдарлама бойынша басшылықтың барлық талаптарын сақтауы тиіс.

Барлық талаптарды қатаң сақтау қажет. Қатысу ережелеріне сәйкес келмейтін өтінімдер қабылданбауға жатады және қарау үшін қабылданбайды. Өтінімді толтыру басталғанға дейін кіші жобаларға арналған экологиялық талаптармен, сондай-ақ жоба шеңберінде қаржыландырылмайтын қызметтің тізбесімен мұқият танысқан жөн.

Барлық сұрақтар бойынша Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. электрондық пошта арқылы немесе +7 777 149 80 36 телефоны арқылы хабарласуға болады.

МАҢЫЗДЫ:

Конкурсқа қатысуға өтінімдер Astanahub электрондық порталы арқылы мына сілтеме бойынша https://astanahub.com/ru/l/gup-grant-programs ағылшын, қазақ және/немесе орыс тілдерінде қабылданады.

 

* Өтінімдерді қабылдау мерзімі Дүниежүзілік банкпен келісім бойынша ұзартылуы мүмкін.

4 шілде 2023

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде «Инклюзивті инновациялар консорциумдары» гранттық бағдарламасы бойынша конкурс өткізуді жоспарлауда.

Гранттық бағдарламаның мақсаты – әлеуметтік маңызы жоғары, сондай-ақ тұрақты коммерциялық әлеуетті және орнықты дамуға қол жеткізуге бағытталған инновациялық шешімдерді (өнімдерді, қызметтерді және технологияларды) әзірлеу және енгізу мақсатында ғылым мен бизнесті біріктіру.

 

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

Консорциум негізгі қызметі іске асырылатын жобаның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін бір немесе одан да көп коммерциялық ұйымдардан немесе коммерциялық емес ұйымдардан (кәсіпкерлік қызмет құқығымен) және бір (1) немесе одан да көп ғылыми ұйымдардан тұрады. Ғылыми ұйымдар мен кәсіпорындар бір-бірімен үлестес болмауы керек.  

Грант сомасы:

Гранттың максималды сомасы 150 млн теңгеге дейін, іске асыру мерзімі 12 айға дейін.

Қоса қаржыландыру сомасы кемінде грант сомасының 10%-ын құрауы тиіс.

Күтілетін нәтижелер:

Гранттық бағдарлама аяқталғаннан кейін қаржыландыру алған консорциумдар алынған грант сомасының кемінде 10 %-ындай коммерцияландыру көрсетуге, сондай-ақ нақты, сандық өлшенетін, елеулі әлеуметтік нәтижеге қол жеткізуге міндетті.

Гранттық бағдарлама туралы толығырақ ақпаратты «Инклюзивті инновациялық консорциумдар» гранттық бағдарламасы бойынша нұсқаулықтан ала аласыз  (Бағдарлама құжаттар) .

 

Барлық сұрақтар бойынша Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. электронды поштасы немесе +7 777 149 80 36 телефон нөмірі арқылы хабарласуыңызды сұраймыз. 

 

*Бұл конкурстың ресми хабарландыруы емес, конкурстың өтетін уақытын кейінірек хабарлайтын боламыз.

 

 

Showcases

Background Image

Header Color

:

Content Color

: