Жаңалықтар

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Еркін Садықов соңғы бес жыл ішінде ғылыми зерттеумен айналысатын 35 жасқа дейінгі қазақстандықтардың саны 39%-ға өсіп, тоғыз мың адамға жеткенін хабарлады.

"Дүниежүзілік банкпен біргелікте басым техникалық бағыттар бойынша зерттеулерді қолдау және постдокторанттарды оқыту үшін гранттар беру арқылы Қазақстанның ғылыми әлеуетін күшейтуге болады. Шетелде еңбек етіп жатқан қазақстандық ғалымдарды тарта отырып, ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізуге мүмкіндік беріп, техникалық салалардағы ортақ жобаларға серпін беруді қалаймыз. Қазақстандық және беделді шетелдік жоғары оқу орындары арасында ғылыми-білім беру консорциумын құруды жоспарлаудамыз", - Еркін Садықов жоспарлармен бөлісті.

Толығырақ мына сілтеме бойынша

 

"Келісімге сәйкес, Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі өнімді инновацияларды ынталандыру жобасын қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасына 88 млн. доллар көлемінде қарыз береді," - ҚР Білім және ғылым министрі депуттарға хабарлады.

Министрдің айтуынша, жобаның мақсаты жоғары сапалы өткізу, еліміз үшін өзекті зерттеулер және технологияларды коммерцияландыру ынталандыру болып табылады.

Жоба инновациялар үшін білім базасын дамыту, инновациялық консорциумдар, технологияларды коммерцияландыру циклін шоғырландыру, ұлттық инновациялық жүйені үйлестіруді күшейту және қолданыстағы институционалдық құрылымдардың әлеуетін ұлғайту, жобаны іске асыруды қолдау бөліктерінен құралады.

"Қарызды өтеу мерзімі - 5 жылдық жеңілдік кезеңін қосқанда 15 жыл. Пайыздық ставка әрбір пайыз есептелетін кезең үшін LIBOR+айнымалы спредке тең. Төленетін біржолғы комиссия қарыз сомасынан 0,25%-ды құрайды. Төленетін міндеттеме үшін комиссия қарыздың алынбаған қалдығынан 0,25%-ды құрайды", - деді министр.

Айта кетейік, жобаны іске асыру ғылыми-өндірістік байланыстарды ынталандыру және технологиялардың инкубациялық циклін дамыту арқылы өнімді инновацияларды өрістетуге, экономиканың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін болады.

Материалдардың көзі bnews.kz

 

Электрондық ресурс виртуалды технологиялық брокерлік платформа қызметін атқарады. Жүйе ашық инновациялар қағидатының тұжырымдамалық тәсілдеріне негізделген. Платформаның басты миссиясы - пайда алу мақсатында қазақстандық өнертабыстар мен технологияларды коммерциялық айналымға енгізу.

Бүгін технологияларды коммерцияландыру мәселелері жөніндегі кездесуде отандық ғалымдар инвесторларға 50 жаңа инновациялық әзірлемелер ұсынды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты.

Бүгінгі кездесу барысында 5 қазақстандық инновациялық компания елімізде технологияларды сапалы өрістетуге мүмкіндік беретін ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы лицензиялық келісімдер және меморандумдарға қол қойды. Олардың ішінде, мұнай беруді арттыру, бетонның қасиеттерін жақсартуға арналған қоспаралар, ағынды суларды биологиялық тазартуға арналған липидтік-қиратушы микроағзалар негізіндегі биопрепарат бойынша жобалар және басқа да жобалар бар.

Сондай-ақ, ғалымдар мен инвесторларға коммерцияландыруға арналған «Ғылыми портал» жаңа платформасы ұсынылды. Электрондық ресурс виртуалды технологиялық брокерлік платформа қызметін атқарады. Жүйе ашық инновациялар қағидатының тұжырымдамалық тәсілдеріне негізделген. Платформаның басты миссиясы - пайда алу мақсатында қазақстандық өнертабыстар мен технологияларды коммерциялық айналымға енгізу.

Қазақстанда "Технологияларды коммерцияландыру" жобасын Дүниежүзілік Банкпен Қарыз туралы келісімнің шеңберінде ҚР Білім және ғылым министрлігі 2008 жылдан бастап іске асыруда. Отандық ғылыми жобаларға зерттеулердің басынан бастап нарыққа шыққанға дейін сүйемелдеу көрсетіледі. Мәселен, 2011 жылдан бастап, жалпы сомасы 5,9 млрд. теңге көлемінде 65 жобаға қолдау көрсетілді. Бүгінгі таңда 18 компания қазірдің өзінде нарыққа шықты, іске асырылған жобалардың сомасы 66 млн. теңгені құрады, 180 млн. теңге көлемінде инвестициялар тартылды, 25 келісімшарт және 3 лицензиялық келісімге қол қойылды.

Ғылыми әзірлемелердің презентациясына кәсіпкерлер, отандық және шетелдік венчурлық инвестициялау, мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар өкілдері, сондай-ақ АҚШ және Ресейдің коммерцияландыру саласындағы шетелдік сарапшылар қатысты.

Материалдардың көзі www.kursiv.kz

 

Showcases

Background Image

Header Color

:

Content Color

: