Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруге арналған жоғары технологиялық құлақ биркаларының сериялық өндірісінің тұсаукесері өтті. Өндіріс Дүниежүзілік банк пен Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасы аясында іске қосылды.

"Өндірістік сектор консирциумдары" бағдарламасының ("Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасы шеңберінде) негізгі мақсаты саланың жүйелі міндеттерін шешетін технологияларды енгізу үшін ғылыми ұйымдар мен өндірістік сектор кәсіпорындары арасында ынтымақтастықты қамтамасыз ету және консорциумдар құру болып табылады.

Консорциум қазақстандық ветеринарлық бұйымдарды өндіруші "ZTOWN Development" ЖШС, "Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми инновациялық орталығы" ЖШС, сондай-ақ Сүтті мал шаруашылығы бойынша республикалық палатаны біріктірді. Осылайша, ғылым мен кәсіпкерлік бірлестігінің табысты кейсі таныстырылатын болады.

Бұл өнімді соңғы тұтынушыға не береді:

- Бағдарламалық өнім фермадағы жануарлар туралы барлық ақпаратты орталықтандырады, рационды оңтайландырады, мемлекеттік ветеринариялық қызметкердің қажетті ақпаратқа онлайн қашықтықтан қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

- Мемлекеттік деректер базасына деректерді жіберу жүйесін синхрондауға мүмкіндік береді.

- Бағдарламалық өнімнің мобильді нұсқасы фермерге шаруашылықтағы оқиғаларға жедел жауап беруге мүмкіндік береді.

- Сканерлеу құрылғылары фермерге немесе ветеринарлық қызметкерге жануармен болған барлық жағдайларды нақты уақыт режимінде жіберуге мүмкіндік береді.