Күні: 29.12.2021

Хабарландыру

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде Жобаны басқару тобының сатып алу жөніндегі маманын іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

2016 жылғы 2 ақпанда ратификацияланған 2015 жылғы 9 маусымдағы

№8463-KZ Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму

Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім шеңберінде «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру мақсатында Жобаны басқару тобының сатып алу жөніндегі маманын іріктеу бойынша конкурс жарияланады.

Қызметтерді көрсетудің болжамды мерзімі 2022 жылдың 30 қарашасына дейін, келісім-шартқа 2022 жылдың 30 қарашасына дейінгі мерзімге дейін қол қою ұсынылады (Консультанттың қызметтерінің сапасына және Жобаның іске асыру мерзіміне қарай келісімшартты кейінгі жылдарға созу мүмкіндігімен).

Мүдделі жеке консультанттар қосымша ақпаратты төменде көрсетілген

электронды мекенжайға 9.00-дан 18.00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен) жұмыс уақытында хабарласу арқылы біле алады.

Мүдделілік білдіру туралы өтінімдер 2022 жылы 14 қаңтар күні сағат 18:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен) Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. электронды мекенжайы арқылы қабылданады, құжаттар түйіндеме түрінде орыс және ағылшын тілдерінде, барлық растаушы құжаттар тіркеліп, жіберілуі тиіс. Хаттың тақырыбын көрсетіңіз: «Жобаны басқару тобының сатып алу жөніндегі маманын іріктеу»

"Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасы

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/8,

павильон С 4.6., 4 - қабат, 40 кеңсе

E-mail: Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде Жобаны басқару тобының сатып алу жөніндегі маманын іріктеу бойынша конкурс жариялайды